Забур жырлары. Chapter 147

1 Уа, Иерусалим, Жаратқанды мадақта, Уа, Сион, Құдайыңның даңқын асыра!
2 Қақпа ысырмаларыңды Ол нығайтқан, Ішіңдегі халқыңды жарылқаған,
3 Таңдаулы астықпен оны тойындырады, Шекараңа бейбітшілік орнатады.
4 Иеміз сөзін жер бетіне жолдайды, Оның айтқандары лезде тарайды.
5 Жаратқан қарды мамықтай жаяды, Қырауды да күлдей жерге шашады,
6 Бұршақты жұмыр тастай жаудырады, Кім Оның аязына шыдай алады?
7 Кейін Ол бұйрығымен ерітеді мұзды, Жылы жел соққызып, ағызады суды.
8 Иеміз Жақыпқа білдірді бұйрықтарын, Исраилге заңдары мен жарлықтарын,
9 Басқа ешбір халыққа Ол мұны істемеді, Олар Оның шешімдерін білмей келеді. Лайым мадақтаңдар Жаратқан Иені!